Қоғам

1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні

1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні

Бүгін қазақстандықтар 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтіп жатыр. Бұл бейбітшілік пен келісім, бірлік пен ынтымақ дәріптелетін мереке.Қазақстан халқының бірлігі күні 1995 жылғы 18 қазанда президент жарлығымен бекітілді. Осылайша мейрам 1996 жылдан бастап тойланып келеді.Алғашында 1 мамыр – «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» деп аталған. Қазақстан халқы Ассамблеясының атауы да көптік жалғаумен болды. Кейін Қазақстан халқының біртұтас ел екенін көрсету мақсатында көптік жалғау алынып тасталды.Ал мейрамды мемлекеттік деңгейде бекітудің өзіндік мәні бар. Біріншіден, Қазақстанда бір шаңырақ астында 124 ұлттың өкілдері тұрады. Олардың ішінде қазақтар, орыстар, өзбектер, украиндар, грузиндер, армяндар, шешендер, немістер, корейлер, қырғыздар және тағы басқалары бар. Басым бөлігі Қазақстанға ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы жаппай депортациялау және эвакуациялау кезінде көшіп келген. Дегенмен, тәуелсіздік алғаннан кейін де әртүрлі ұлт өкілдері қазақ жеріне қоныстанды. Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтудің тағы бір себебі, этникалық бейбітшілік пен келісім саясаты – мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі.1995 жылдан ұлтаралық татулықты нығайтуды мақсат еткен Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмыс істеп келеді. Жыл сайын мереке қарсаңында елордада Ассамблеяның кезекті сессиясы ұйымдастырылады.Ұлт-ұлыстың бірлігі мен ынтымағын ұлықтайтын мереке елдің түкпір-түкпірінде тойланады.

Қазақстан халқы неше күн демалады

Қазақстан халқының бірлігі күні мемлекеттік мерекелер санатына кіреді. Сондықтан жыл сайын осы күні қазақстандықтар демалады. Биыл 1 мамыр аптаның ортасына – сәрсенбіге түсіп тұр.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button