Жеңіске тағзым

Астанада әскерилер Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс жылдарындағы әндерді шырқады

Астанада әскерилер Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс жылдарындағы әндерді шырқады

Елорданың «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығында мерейтойға арналған концерт пен көрме өтті.Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық әскери оркестрінің музыканттары қала тұрғындарына арнап классикалық және заманауи туындыларды орындады.Орталық ансамблінің солистері тыңдаушыларды соғыс жылдарындағы әндер мен патриоттық шығармаларды орындап қуантты.»Әскерилердің көпшілік алдына шығып өнер көрсеткеніне әрқашан қуанамыз. Демалыс күндері біздің орталыққа көп адамдар келеді. Әскери қызметшілердің өнерлерін көрермендер әрқашан жылы қабылдайды», – деп атап өтті «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығы әкімшілігінің өкілі Жазира Садықан.Орталық алаңда құрмет қарауыл ротасының әскери қызметшілері де өнер көрсетті, олар көрермендердің назарын тіп-тік болып сап түзеп, нақты қимылдармен аударды.»Хан шатыр» орталығының халық көп жиналатын алаңында өткен концертпен қатар Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Әскери-тарихи музейінің қызметкерлері «1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан» атты көшпелі көрме ұйымдастырды.Экспонаттар қатарына жеке заттар, мұрағат құжаттары, соғыс батырлары Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Сағадат Нұрмағамбетов, Тілеуғали Әбдібеков және Хиуаз Доспанованың бірегей фотосуреттері, сондай-ақ шайқас орындарынан табылған снарядтар мен сарбаздар медальондары бар.Мерейтой жылы Қорғаныс министрлігі осындай іс-шараларды елорда мен ел өңірлерінің басқа да қоғамдық орындарында өткізеді. Ондағы мақсат – отандастарымызға қазақстандық жауынгерлердің ерлігі, бейбітшілік пен Жеңіс орнату үшін бәрін жасаған тыл еңбеккерлерінің жанқиярлығын ұмытпау.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button