Оқиға

Алматыда «барахолка» өртеніп жатыр – видео

Алматыда "барахолка" өртеніп жатыр – видео

Алматыда Көкмайса-27 шағын ауданында қойма жанып жатыр, деп хабарлайды ТЖМ.»17 ақпан сағат 10:40-та Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданы Көкмайса-27 шағын ауданында жоғары дәреже бойынша жұмыс істеп жатыр», – делінген хабарламада.Алдын ала ақпарат бойынша, қойманың шатыры жанып жатыр.Оқиға орнына ТЖ департаментінің 70 адамы мен 18 техника жұмылдырылды.Естеріңізге сала кетсек, ақпан айының басында Семей қаласында сауда орталығы өртенген болатын. Жалын 4 мың шаршы метр аумақты шарпыды. Тілсіз жауды 400-ге тарта адам, 48 өрт сөндіруші машинасы мен пойызы сөндірді.Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button