Жеңіске тағзым

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақ жауынгерінің сүйегі елге жеткізілді

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақ жауынгерінің сүйегі елге жеткізілді

1942 жылдың қазан айында Смоленск түбіндегі шайқаста қаза тапқан қазақ жауынгерінің сүйегі Қазақстан қорғаныс министрлігінің əскери бортымен елге жеткізілді.

Қорғаныс министрлігінің ақпаратынша, жауынгердің сүйегі сәуір айының басында Смоленск облысының Темкин ауданында іздеу-барлау экспедициясын жүргізу кезінде табылған.

«Қаза тапқан жауынгердің сақтаулы қалған медалі арқылы аты-жөні анықталды. Белгісіз жауынгер Қарағанды облысы Шет ауданы Жастерек ауылының тумасы Медет Аманжолов болып шықты. Соғыс алдында ол әскерге шақырылып, 1941 жылы 24 жасында майданға аттанады. Оның соңғы қызмет орны 125-ші жеке атқыштар бригадасы болды», – делінген қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

© Photo : пресс-служба Минобороны КазахстанаСмоленск түбіндегі шайқаста қаза тапқан қазақ жауынгерінің сүйегі елге жеткізілдіСмоленск түбіндегі шайқаста қаза тапқан қазақ жауынгерінің сүйегі елге жеткізілді© Photo : пресс-служба Минобороны Казахстана

Жауынгердің туыстары əлі күнге дейін Шет ауданында тұрады. 1942 жылы олар Медет Аманжоловтың Смоленскті қорғауда ерлікпен қаза тапқаны туралы хат алған. Жауынгердің ұрпақтары ұзақ жылдар бойы оның жерленген жерін табуға тырысты. 78 жылдан кейін ғана жауынгердің сүйегі Отанына жеткізіліп отыр.

Соғыста қаза тапқан жауынгердің отбасы жерлеу орнына барғысы келген, бірақ төтенше жағдайға байланысты бұл мүмкін болмады.

Жауынгердің сүйегі Шет ауданының Ағадыр зиратына әскери құрметпен қайта жерлеу үшін жақын арада туыстарына беріледі.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button