Елорда тынысы

Биыл елордада кезекте тұрғандарға 3,3 мыңнан астам пәтер беріледі

Биыл елордада кезекте тұрғандарға 3,3 мыңнан астам пәтер беріледі

2024 жылы Астанада кезекте тұрғандарға 3,3 мыңнан астам пәтер беріледі, деп хабарлайды қала әкімдігі.30 наурыздағы жағдай бойынша елордада әлеуметтік тұрғын үй алуға кезекте 40 878 азамат тұр.Қала тұрғындары кезекте мына санаттар бойынша тұр:жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;»Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;халықтың әлеуметтік осал топтары;мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер;Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар.»2024 жылы елорданың тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы 3 382 пәтер, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары мен көпбалалы отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы, жұмыс істейтін жастар үшін кредиттік тұрғын үй, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй, «Елорда жастары» өңірлік бағдарламасы аясында беруді жоспарлап отыр», – делінген әкімдіктің ресми сайтында.Қазіргі таңда аталған пәтерлердің 1 342-сі бөлінді.Естеріңізге сала кетейік, елордада ескі үйлерді жаңарту бағдарламасы аясында апатты үйлерді бұзу және қала тұрғындарын жаңа баспанаға көшіру қарастырылған. 2024 жылы 60 апатты үйдің тұрғындары 1400 пәтерге көшіріледі, яғни елорданың 4200-ге жуық тұрғыны жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button