Сұхбат

Әлем қазір ауыр дертке шалдыққан – Путин

Әлем қазір ауыр дертке шалдыққан – Путин

Биполярлық бұзылыс кезіндегі мидың жарты шарлары сияқты әлем де қазір екіге бөлінген ауыр дерт кезеңін бастан кешіруде, деді Владимир Путин.»Сіз әлем екі жартышарға бөлінгенін айттыңыз. Бас екі жартышарға бөлінеді: біреуі әрекеттің бір саласына жауапты, екіншісі креатив және тағы басқасына жауапты. Бірақ бұл бәрібір бүтін бір бас», – деді Путин Такер Карлсонға берген сұхбатында.Президенттің айтуынша, қауіпсіздік «алтын миллиардқа» ғана арналмаған, бәріне ортақ болуы үшін әлем бірігуі керек.»Тек осы жағдайда ғана әлем тұрақты болады. Ал бас екі бөлікке бөлінген болса, бұл ауыр дертпен тең. Әлем қазір осы ауыр ауру кезеңін бастан кешіруде», – деп есептейді Ресей президенті.Оның айтуынша, ақиқатты айтатын журналистика да әлемді сауықтыра алады.»Менің ойымша, адал журналистиканың арқасында мұның бәрін қандай да бір жолмен реттеуге болады. Себебі, журналистер дәрігерлер сияқты жұмыс істейді», – деді Путин.Владимир Путин Мәскеуде америкалық журналист Такер Карлсонмен кездесті. Сұхбат екі сағаттан астам уақытқа созылып, Ресей президенті Украина және «Солтүстік ағындар» төңірегіндегі жағдай, Батыс пен Ресей арасындағы қарым-қатынастар неліктен осылай дамығаны туралы көптеген күрделі және өзекті сұрақтарға жауап берді.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button