Сұхбат

Тоқаев қаңтар оқиғасы, АЭС құрылысы туралы көлемді сұхбат берді

Тоқаев қаңтар оқиғасы, АЭС құрылысы туралы көлемді сұхбат берді

Президенттің Дихан Қамзабекұлына берген сұхбаты ертең Egemen Qazaqstan газетінде жарық көреді. Бұл туралы президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.»Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың белгілі ғалым, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Диқан Қамзабекұлына берген кең көлемді сұхбаты «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланады», — делінген Берік Уәлидің желідегі жазбасында.Оның айтуынша, сұхбатта еліміздің ішкі-сыртқы саясатына қатысты мәселелер, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қаңтар қасіреті, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, АЭС құрылысы секілді өзекті тақырыптар қозғалады.Сондай-ақ президенттің жеке өзіне қатысты да кейбір мәселелер айтылады.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button