Экономика

«Қостанай – Ресей шекарасы» автожолы жөнделеді

"Қостанай – Ресей шекарасы" автожолы жөнделеді

Алдағы уақытта «Қостанай – Ресей Федерациясының шекарасы» автомобиль жолын реконструкциялау жоспарланып отыр. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өткізген кеңесте мәлімдеді.Үкімет басшысы өңір үшін маңызды жоба «Қостанай – Денисовка» автожолы күрделі жөндеуден өткенін атап өтті. Республикалық автожолдар учаскелері бойынша жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар – «Ұзынкөл – Троебратское», «Сарыкөл – Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы» және Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейінгі автожолдар.»Ағымдағы жобалар аяқталған соң, алдағы уақытта «Қостанай – Ресей Федерациясының шекарасы» автомобиль жолын реконструкциялау жоспарлануда», — деді премьер-министр.Үкіметтің баспасөз қызметінің ақпаратынша, 2023 жылы облыстың автожол саласының бюджеті 56 млрд теңгені құраған. Бұл қаражатқа елді мекендердің арасындағы 700 км жолға және елді мекендердегі 299 көшеге жөндеу жүргізілді.Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 66 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған.Қостанай облысында биыл 13 өнеркәсіптік инвестициялық жоба іске асырылады

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button