Фотo

Жабайы табиғаттың ең үздік суреттері анықталды – фото

Жабайы табиғаттың ең үздік суреттері анықталды – фото

Ұлыбританияның Жаратылыстану тарихы мұражайы өткен жылы әлемнің әр түкпірінде түсірілген жабайы табиғаттың үздік суреттерін таңдады. Үздік атанған 5 сурет 30 маусымға дейін Интернетте және Лондон мұражайында көрсетіледі.Жылдың үздік бестігіне қазылар алқасы мен көрермендерді әсерлілігімен таңғалдырған Нима Сариханидің «Мұзды төсек» суреті «Көрермендер көзайымы» сыйлығына ие болды. Кадрда мұз айдынында тәтті ұйықтап жатқан ақ аю бейнеленген. Айсберг оның табиғи бесігіне айналды. Сүйкімді кадр жойылып бара жатқан полярлық мекендеу орындарына қоғамның назарын аударды.Sputnik суреттер топтамасынан әлемнің түкпір-түкпіріндегі дарынды фотографтардың осы және басқа да керемет жұмыстарын тамашалаңыз.© Photo : Nima Sarikhani/Wildlife Photographer of the Year/Natural History Museum

Норвегиялық Шпицберген архипелагындағы кішкентай айсбергті ақ аю төсек ретінде қолданып, оның үстінде ұйықтап жатыр. Бұл жұмыс көрермендер көзайымы деген сыйлықты алды.

1/5© Photo : Nima Sarikhani/Wildlife Photographer of the Year/Natural History Museum

Норвегиялық Шпицберген архипелагындағы кішкентай айсбергті ақ аю төсек ретінде қолданып, оның үстінде ұйықтап жатыр. Бұл жұмыс көрермендер көзайымы деген сыйлықты алды.

© Photo : Audun Rikardsen/Wildlife Photographer of the Year/Natural History Museum

Норвегияның солтүстігіндегі фьордтың салқын күзгі суында Солтүстік шұғыласының жарықтары алыстан шағылысып тұр. Жергілікті толқындарда жүзіп жүрген медузалар бұл керемет табиғат құбылысын адамдарға қарағанда жиі тамашалау бақытына ие.

2/5© Photo : Audun Rikardsen/Wildlife Photographer of the Year/Natural History Museum

Норвегияның солтүстігіндегі фьордтың салқын күзгі суында Солтүстік шұғыласының жарықтары алыстан шағылысып тұр. Жергілікті толқындарда жүзіп жүрген медузалар бұл керемет табиғат құбылысын адамдарға қарағанда жиі тамашалау бақытына ие.

© Photo : Mark Boyd/Wildlife Photographer of the Year/Natural History Museum

Кенияның Масаи Мара қорығында екі ұрғашы арыстан прайдтағы бес абданның біріне қамқорлық танытып тұр.

3/5© Photo : Mark Boyd/Wildlife Photographer of the Year/Natural History Museum

Кенияның Масаи Мара қорығында екі ұрғашы арыстан прайдтағы бес абданның біріне қамқорлық танытып тұр.

© Photo : Tzahi Finkelstein/Wildlife Photographer of the Year/Natural History Museum

Фотограф инелік тұмсығына қонған сәттегі тасбақаның түрін түсіріп алған.

4/5© Photo : Tzahi Finkelstein/Wildlife Photographer of the Year/Natural History Museum

Фотограф инелік тұмсығына қонған сәттегі тасбақаның түрін түсіріп алған.

© Photo : Daniel Dencescu/Wildlife Photographer of the Year/Natural History Museum

Фотограф Даниэль Денческу Италияда Рим аспанындағы қараторғайлардың бұл әрекетін сағаттап бақылады.

5/5© Photo : Daniel Dencescu/Wildlife Photographer of the Year/Natural History Museum

Фотограф Даниэль Денческу Италияда Рим аспанындағы қараторғайлардың бұл әрекетін сағаттап бақылады.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button