Фотo

Ұлттық нақышта киінген мәжіліс депутаттары – фото

Наурыз мейрамы қарсаңында депутаттар жұмысқа қазақтың әсем ою-өрнектерімен кестеленген ұлттық киімдерін киіп келді. Мәжілістегі нәзік жандар бұл жолы ерекше киініп, күнделікті классикалық стильді ұлттық әшекейлермен толықтырды.Мәжілісмендер Наурыз мейрамын тойлау алдында шапан киюден жарысқандай. Парламентте түсірілген суреттер топтамасын назарларыңызға ұсынамыз.© Sputnik / Санат Имангалиев

Мәжілістің вице-спикері Дания Еспаева әсем өрнекті шапан-көйлек киіп, оны ұлттық нақыштағы сырғалармен үйлестірді.

1/10© Sputnik / Санат Имангалиев

Мәжілістің вице-спикері Дания Еспаева әсем өрнекті шапан-көйлек киіп, оны ұлттық нақыштағы сырғалармен үйлестірді.

© Sputnik / Санат Имангалиев

Мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Ринат Зайытов сәнді камзол киіп, өзіне жарасымды қою көк галстук тағып келді.

2/10© Sputnik / Санат Имангалиев

Мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Ринат Зайытов сәнді камзол киіп, өзіне жарасымды қою көк галстук тағып келді.

© Sputnik / Санат Имангалиев

Тіпті мәжілістің вице-спикері Альберт Рау да мерекелік көңіл-күйге еріп, пленарлық отырысқа ұлттық ою-өрнекті камзолмен келді.

3/10© Sputnik / Санат Имангалиев

Тіпті мәжілістің вице-спикері Альберт Рау да мерекелік көңіл-күйге еріп, пленарлық отырысқа ұлттық ою-өрнекті камзолмен келді.

© Sputnik / Санат Имангалиев

Мәжілісмен Айдарбек Қожаназаров тура отырыс алдында шапан киіп көрді.

4/10© Sputnik / Санат Имангалиев

Мәжілісмен Айдарбек Қожаназаров тура отырыс алдында шапан киіп көрді.

© Sputnik / Санат Имангалиев

Депутат-профессор Таңсәуле Серіков ықшам ою-өрнекті шапанмен келді.

5/10© Sputnik / Санат Имангалиев

Депутат-профессор Таңсәуле Серіков ықшам ою-өрнекті шапанмен келді.

© Sputnik / Санат Имангалиев

Мәжiлiс депутаты Қарақат Әбденнiң киімі де көктемдегі мерекені бейнелеп тұрды: ол өрнектелген сұр түстi камзол киіп, саусағына қазақы нақыштағы сақина тақты.

6/10© Sputnik / Санат Имангалиев

Мәжiлiс депутаты Қарақат Әбденнiң киімі де көктемдегі мерекені бейнелеп тұрды: ол өрнектелген сұр түстi камзол киіп, саусағына қазақы нақыштағы сақина тақты.

© Sputnik / Санат Имангалиев

Паралимпиада спортшысы, депутат Кенжеғұл Сейітжан жұмысқа шапан мен тақия киіп келді.

7/10© Sputnik / Санат Имангалиев

Паралимпиада спортшысы, депутат Кенжеғұл Сейітжан жұмысқа шапан мен тақия киіп келді.

© Sputnik / Санат Имангалиев

Мәжіліс депутаты, журналист және ақын Жанарбек Әшімжанов қоңырқай сарғыш түсті қазақтың шапанын киді.

8/10© Sputnik / Санат Имангалиев

Мәжіліс депутаты, журналист және ақын Жанарбек Әшімжанов қоңырқай сарғыш түсті қазақтың шапанын киді.

© Sputnik / Санат Имангалиев

Депутат Арман Қалықов сәнді қара шапан киді.

9/10© Sputnik / Санат Имангалиев

Депутат Арман Қалықов сәнді қара шапан киді.

© Sputnik / Санат Имангалиев

Парламент мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Құдайберген Бексұлтанов та шапанмен келді. Ол көк барқыттан тігілген оюлы шапан киіпті.

10/10© Sputnik / Санат Имангалиев

Парламент мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Құдайберген Бексұлтанов та шапанмен келді. Ол көк барқыттан тігілген оюлы шапан киіпті.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button