Саясат

Тоқаев мәжілісте жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады

Тоқаев мәжілісте жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін мәжіліс депутаттарына жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады, деп хабарлайды Ақорда.»Бүгін сағат 15:00-де президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттардың келісімін алу үшін жаңа премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады», – делінген хабарламада.Бұған дейін президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли Amanat партиясы жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынатынын айтты.Қасым-Жомарт Тоқаев биліктегі саяси партия ұсынған кандидатураны қарайды. Мақұлданған жағдайда президент премьер-министрдің кандидатурасын оның келісіміне сәйкес парламент мәжілісіне қарауға жібереді. Мәжіліс келіссе, Тоқаев жаңа премьер-министрді тағайындайды. Одан кейін үкіметті жасақтау басталады.Естеріңізге сала кетейік, 5 ақпан күні мемлекет басшысы Қазақстан үкіметін отставкаға жіберді. Роман Скляр премьер-министрдің уақытша міндетін атқарушы болды.Айта кетері, 7 ақпан күні Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Жиында еліміздің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button