Саясат

Қазақстандық компаниялар Физули халқына орталық аурухана салып береді

Қазақстандық компаниялар Физули халқына орталық аурухана салып береді

Қазақстандық құрылыс компаниялары коммерциялық негізде Физули қаласында орталық аурухана салады.Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Физули қаласындағы орталық аурухана құрылысының жоспарымен танысты, деп хабарлайды Ақорда.»Нысанды қазақстандық құрылыс компаниялары коммерциялық негізде салады деп жоспарланып отыр», – делінген хабарламада.Келешекте бой көтеретін медициналық мекеме 180 төсек-орынға есептелген. Ғимараттың жалпы ауданы 34 мың шаршы метрден асады.Ауруханада стационарлық қызмет көрсететін кардиология, неврология, гинекология, анестезиология-реанимация, гемодиализ, терапия, хирургия, травматология-ортопедия, босану және жұқпалы аурулар бөлімдерін, сондай-ақ офтальмология, педиатрия және ЛОР кафедраларын ашу жоспарланған.Ал амбулаториялық режимде науқастарға кеңес беретін емхана бөлімі, балалар емханасы, рентген диагностикасы, функционалдық диагностика, физиотерапия және медициналық оңалту бөлімдері қызмет көрсетпек. Сонымен қатар клиникалық-диагностикалық зертхана, жедел жәрдем станциясы, гигиена және эпидемиология орталығы жұмыс істейді.Бұған дейін мемлекет басшысы Физулиде Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының ашылу рәсіміне қатысқан еді. Заманауи инновациялық орталық Тоқаевтың бастамасымен қазақстандықтардың атынан бауырлас әзербайжан халқына гуманитарлық тарту ретінде қысқа мерзім ішінде салынды.»Бұл – Қазақстан халқының тартуы. Менің жеке тапсырмам бойынша аталған сыйлықты жекеменшік BI Group компаниясы бүкіл халықтың атынан шын жүректен ұсынып отыр. Орталық елдеріміз арасындағы жан-жақты байланыстарды нығайтуға қызмет етеді деп ойлаймын», – деді Қазақстан президенті Физули жұртшылығымен әңгімелесу кезінде.Естеріңізге сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасында мемлекеттік сапармен жүр.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button