Сұхбат

Ресейдің Еуропаға шабуыл жасағысы келетініне тек ақымақтар ғана сенеді – Такер Карлсон

Ресейдің Еуропаға шабуыл жасағысы келетініне тек ақымақтар ғана сенеді – Такер Карлсон

Владимир Путинмен сұхбаттан кейін америкалық журналист Такер Карлсон Мәскеудің Еуропаға шабуыл жасау ниетіне тек ақымақтар ғана сенетінін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.»Ресей экспансиямен айналыспайды. Кешіріңіз, мен мұндай сөздерді айтпауым керек, өйткені мемлекеттік департаментті басқаратын идеологиялық өтірікшілер оны (Путинді – Sputnik) Гитлер немесе Жапония императоры еткісі келеді. Бұл дұрыс емес, бұл – ақымақтық. Ресей қазірдің өзінде әлемдегі ең үлкен мемлекет», – деді ол.Журналистің командасы Ресей президентімен сұхбаттан кейін түсірілген видеоны жариялады.Ресей Федерациясына Польшаға барудың қажеті не, Мәскеу өз шекарасының қауіпсіз болғанын қалайды емес пе деген сұрақ туды Такер Карлсонда.»Олар Венаға барады деп ойлау – ақымақтық, бұған ешқандай дәлел жоқ», – деп жауап берді журналист батыстықтарды керісінше сендіруге тырысып жатқан «Вашингтондағы кәсіби өтірікшілерге».Карлсонның айтуынша, Ресейде табиғи ресурстар жеткілікті, бұл елде түрлі ұлт өкілдері тұрады, адамдар әртүрлі тілде сөйлейді, мұндай мемлекетті басқару оңай емес.Путиннің Карлсонмен сұхбаты америкалық журналистің сайтында, кейінірек журналистің X әлеуметтік желісіндегі және YouTube арнасындағы аккаунтында жарияланды.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button