Оқиға

Таразда автобус 10 көлікті жайпап өткен: жолаушы ауруханаға түсті

Таразда автобус 10 көлікті жайпап өткен: жолаушы ауруханаға түсті

Таразда қоғамдық көлік тұрақта тұрған 10 автокөлікпен соқтығысты. Салдарынан автобус салонында отырған 56 жастағы жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды Жамбыл облысының полиция департаменті.Жол апаты 4 қаңтар 10:45 шамасында Төле би даңғылында болған.№56 бағдарлы автобустың 33 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, тұрақта тұрған 10 автокөлікпен соқтығысқан.»Жол апаты кезінде автобуста 10 жолаушы отырған. Оның біреуі – 56 жастағы әйел алған жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.Автобус жүргізушісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар жасалады.Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button