Видео

Астанада алтын, гауһар той иелері жастарға ақылын айтты

Астанада алтын, гауһар той иелері жастарға ақылын айтты

Іс-шара Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің бастамасымен, Қазақ ұлттық Өнер университетінің және №31 мектеп гимназиясы шәкірттерінің қолдауымен өткізілді.Ұйымдастырушылар биыл мерейтойы болатын үлгілі 20 отбасымен кездесу өткізуді шешкенін айтып, мұндай іс-шаралардың жастарға өнеге көрсетудегі рөлі зор екеніне тоқталды.Іс-шараға шаңырақ көтергендеріне 40, 50, 55, 60, 65 жыл болған жұптар, яғни ата-әжелер және студент жастар қатысты.»Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген халықпыз. Бүгінгі іс-шараға келіп отырған ардагерлеріміздің бәрі де – өмірдің ыстық-суығын көріп, бір шаңырақ астында өмір сүріп, күміс, алтын, гауһар тойға қол ұстасып жеткен жандар. Сондықтан да бұл кісілердің әр айтқан сөзі мен ақылы бүгінгі жас отбасыларға қашанда үлгі болары анық», – деді Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов.Іс-шара барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қонақтар жастармен өз ойларын бөлісті. Сонымен қатар қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button