Спoрт

«Азия балалары» ойындарының алғашқы жеңімпаздары марапатталды

"Азия балалары" ойындарының алғашқы жеңімпаздары марапатталды

Якутск қаласындағы VIII Азия балалары ойындарының мәдени саябағында спорттың екі түрінен – самбо және таэквондодан жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар табыс етілді, деп хабарлайды «Азия балалары» халықаралық комитеті.© Photo : Международный комитет «Дети Азии»«Азия балалары-2024» марапаттау рәсімі«Азия балалары-2024» марапаттау рәсімі© Photo : Международный комитет «Дети Азии»Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне марапаттарды «Азия балалары» халықаралық комитетінің бас директоры Гаврил Цыпандин мен Якутияның инновациялар, цифрлық даму және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Василий Ефимов табыстады.49 кг – Савелий Семениченко (Қиыр Шығыс федералды округі),58 кг – Данил Чабан (Қиыр Шығыс федералды округі),79 кг – Енхзориг Енхнаирамдал (Моңғолия Республикасы).44 кг – Алина Башарова (Орал федералды округі),54 кг – Анна Галай (Орал федералды округі),65 кг – Варвара Малова (Сібір федералды округі).Қазақстандық Қарақат Рахибай (44 кг) мен Гүлзесім Тырлұбек (65 кг) медальдар үшін тартыста өз санаттарында үшінші орынды иеленді.Үздік таэквондошыларға марапаттарды V «Азия балалары» ойындарының Олимпиада чемпионы Фаннапа Харнсуджин мен Якутия дене шынықтыру және спорт министрінің орынбасары Гаврил Мохначевский табыстады.48 кг – Бехруз Салимов (Өзбекстан),55 кг – Омадбек Отабеков (Өзбекстан),63 кг дейін – Васиф Салимов (Әзербайжан).Қазақстандық Бекет Болатұлы да 63 келіге дейінгі салмақта қола жүлдені иеленді.63 кг – Самира Мукшина (Мәскеу),63 кг жоғары – Полина Михальчук (Беларусь Республикасы).Спорттың бұл түрінен қазақстандық Айсұлу Жаңабай 63 келіден жоғары салмақта команда қоржынына тағы бір қола жүлдені әкелді.Якутск қаласында 26 маусымда VIII «Азия балалары» ойындары ашылды. Барлығы 24 спорт түрінен 239 медаль жиынтығын сарапқа салу жоспарланып отыр.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button