Инфографика

Әйелдер мен балаларға қарсы қылмыс үшін жаза қалай өзгерді

Әйелдер мен балаларға қарсы қылмыс үшін жаза қалай өзгерді

Қазақстанда балалар мен әйелдердің жыныстық қол сұғылмаушылықтарына қарсы қылмыстар үшін әкімшілік жазаның орнына қылмыстық жаза енгізілді.Осылайша, мына қылмыстар үшін әкімшілік жауапкершілік орнына қылмыстық жауапкершілік енгізілді:денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру – 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу;ұрып-соғу – 80 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 25 тәулікке дейін қамауға алу;әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдардың іс-әрекетіне қатысты соттың ерекше талабы бойынша психологиялық көмек көрсетуден өтуді белгілеу, ерекше жағдайларда – агрессорға жәбірленушімен бір үйде тұруға тыйым салу.Сондай-ақ:азаптау үшін 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру;денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру;денсаулыққа орташа зиян келтіргені үшін – 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.Педофилдер және кәмелетке толмаған баланы өлтіргендер тек өмір бойына бас бостандығынан айырылады.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button