1945 жылғы Потсдам конференциясы: қызықты деректер мен фотолар
Sputnik осы тарихи шараға қатысты қызықты деректер мен мұрағаттан алынған фотоларды ұсынады. © Getty Images / Corbis/Historical
1. Потсдам конференциясы аясында әлемдік державалардың үш рет кездесуі ұйымдастырылған болатын. Соның екеуі соғыс кезінде, ал соңғы үшінші кездесу фашистік Германия жеңілгеннен кейін өтті.
Келіссөздерге "үлкен үштікке" кірген елдердің көшбасшылары қатысты.
Фотода: Черчилль, Трумэн және Сталин Потсдам конференциясында
1/12© Getty Images / Corbis/Historical
1. Потсдам конференциясы аясында әлемдік державалардың үш рет кездесуі ұйымдастырылған болатын. Соның екеуі соғыс кезінде, ал соңғы үшінші кездесу фашистік Германия жеңілгеннен кейін өтті.
Келіссөздерге "үлкен үштікке" кірген елдердің көшбасшылары қатысты.
Фотода: Черчилль, Трумэн және Сталин Потсдам конференциясында
© Photo : Public domain/National Museum of the U.S. Navy
2. Конференция Берлинге жақын жердегі Потсдамдағы Цецилиенхоф қамалында 1945 жылы 17 шілде мен 2 тамыз аралығында өтті.
КСРО, АҚШ пен Ұлыбритания делегациялары "Neubabelsberg" коттедж қалашығында жайғасты. Бұл жер XX ғасырдың басында Германиядағы киноөндірістің орталығы болды. Ал қымбат виллаларда ауқатты берлиндіктер мен потсдамдықтар тұрған. Бірақ Үшінші рейх тұсында Нойбабельсбергтің тегі еврей тұрғындарының көбісі үйін тастап, эмиграцияға кетуге мәжбүр болды.
Потсдам конференциясы кезінде Нойбабельсбергте Черчилль, Трумэн мен Сталиннің делегациялары тұрған. Артынан басшылар тұрған виллалар олардың есімімен аталды.
Фотода: Потсдам конференциясының қатысушылары
2/12© Photo : Public domain/National Museum of the U.S. Navy

© Photo : Public domain/Yevgeny Khaldei
3. Потсдам конференциясында "үлкен үштікке" кіргендер:
– КСРО-дан – КСРО Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы және КСРО мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы Иосиф Сталин;
– АҚШ – президент Гарри Трумэн;
– Ұлыбритания – премьер-министрлер Уинстон Черчилль (25 шілдеге дейін) және Клемент Эттли (28 шілдеден бастап).
Сондай-ақ, конференцияға сыртқы істер министрлер де қатысты.
– КСРО – В.Молотов;
– АҚШ – Дж.Ф.Бринс;
– Ұлыбритания – Э.Иден (25 шілдеге дейін), одан кейін Э.Бевин (28 шілдеден бастап).
Фотода: Гарри Трумэн, Иосиф Сталин, Вячеслав Молотов.
3/12© Photo : Public domain/Yevgeny Khaldei

© Getty Images / Bettmann
4. Бас кезінде Потсдамдағы келіссөздерге Ұлыбратанияның атынан Черчилль қатысты. Бірақ тура сол күндері Англияда премьер-министрдің сайлауы өткен болатын. Черчилль ұтылды. Содан конференцияның соңында Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі Клемент Эттли келді.
Фотода: Уинстон Черчилль және оның жұбайы
4/12© Getty Images / Bettmann

© Getty Images / Keystone-France/Gamma-Rapho
5. Потсдам конференциясының негізгі мақсаттары мен міндеттері: – соғыстан кейінгі әлемде ықпалды бөлісудің әділ қағидаларын әзірлеу;
– жаңа әлемдік тәртіпті орнатып, ықтимал шиеленістердің алдын алу;
– оккупацияланған жерлердің тағдырын талқылау және соғыстан кейінгі бейбітшілікті орнату.
Фотода: Потсдам конференциясы кезіндегі Черчилль, Трумэн мен Сталиннің суреті
5/12© Getty Images / Keystone-France/Gamma-Rapho
5. Потсдам конференциясының негізгі мақсаттары мен міндеттері: – соғыстан кейінгі әлемде ықпалды бөлісудің әділ қағидаларын әзірлеу;
– жаңа әлемдік тәртіпті орнатып, ықтимал шиеленістердің алдын алу;
– оккупацияланған жерлердің тағдырын талқылау және соғыстан кейінгі бейбітшілікті орнату.
Фотода: Потсдам конференциясы кезіндегі Черчилль, Трумэн мен Сталиннің суреті
?share-img=55702679″ data-title=»1945 жылғы Потсдам конференциясы: қызықты деректер мен фотолар «>
6. Потсдам конференциясында талқыланған негізгі мәселелер:
– соғыстан кейінгі Германияның тағдыры;
– Польша мен Шығыс Еуропа елдерінің шекарасы;
– Репарациялар мен Еуропаны қайта құрылымдау;
– Тынық мұхиттағы әскери іс-қимылдар және Жапония мәселесі;
Фотода: Потсдам конференциясына әскери кеңесші ретінде қатысқан КСРО маршалы Георгий Жуков пен КСРО әскери-теңіз флотының халық комиссары Николай Кузнецов.
© Photo : Public domain/National Museum of the U.S. Navy
7. Потсдамдағы келіссөздердің нәтижесінде қабылданған шешімдер:
– Германияның тағдыры: бұл мемлекет төрт оккупациялық аймаққа бөлінді. Әрбір держава біреуін бақылады, төртіншісін Франция қадағалап отырды.
– Польша мен Шығыс Еуропа елдерінің шекарасы: поляк шекарасы батысқа қарай ауыстырылды. Осылайша, Польшаға Силезия, Померания мен Шығыс Пруссияның бір бөлігі қосылды.
– Экономикалық мәселелер: Германия репарацияларды төлеуге міндеттелді. Атап айтқанда, сол елдегі өнеркәсіп құрал-жабдықтары және тағы басқа ресурстар қиратылған елдерді қалпына келтіруге жұмсалатын болды.
– Бірккен Ұлттыр Ұйымын құру. БҰҰ болашақ соғыстарға жол бермей, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауы тиіс.
– Фашистерді жазалау. Оларды Халықаралық трибуналға беруге шешім қабылданды.
Фотода: Гарри Трумэн Потсдам конференциясының сессиялары арасында Берлинге тур жасап жүр. 1945 жыл, шілде.
7/12© Photo : Public domain/National Museum of the U.S. Navy

?share-img=55703646″ data-title=»1945 жылғы Потсдам конференциясы: қызықты деректер мен фотолар «>
8. Потсдам конференциясының шешімі бойынша Шығыс Пруссияның жері (Ресейдің қазіргі Калининград облысы) КСРО-ға қосылды.
Фотода: КСРО Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы және КСРО мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы Иосиф Сталин Потсдам конференциясында.
© Photo : Public domain/National Archives
9. Потсдам конференциясында бірнеше маңызды құжатқа да қол қойылды. Олар: қорытынды хаттама, репарациялар туралы келісім және халықаралық әскери трибуналды тағайындау туралы шешім.
Фотода: Потсдам конференциясының қатысушылары.
Солдан оңға қарай бірінші қатарда: Сталин, Трумэн, КСРО-ның АҚШ-тағы елшісі Андрей Громыко, АҚШ мемлекеттік хатшысы Джеймс Бирнс және КСРО сыртқы істер министрі Вячеслав Молотов Екінші қатарда: Гарри Трумэнның әскери кеңесшісі, бригада генералы Гарри Воган, орысша аудармашы Чарльз Болен, Трумэнның әскери-теңіз көмекшісі кіші Джеймс Вардман мен Чарльз Гриффит Росс.
9/12© Photo : Public domain/National Archives

?share-img=55703229″ data-title=»1945 жылғы Потсдам конференциясы: қызықты деректер мен фотолар «>
10. Конференцияда Германияның тағдырына қатысты саяси шешімдер де қабылданды. Атап айтқанда, неміс және австриялық қоғам, мәдениет, баспасөз, экономика, заң мен саясатты ұлтшыл-социалистік әсерден толығымен тазалау, қарусыздандыру, демократияландыру мен орталықсыздандыру шаралары қолға алынды.
Фотода: Сталин (ортада), Вячеслав Молотов (сол жағында), Андрей Вышинский (одан кейін).
© Getty Images / Corbis/Historical
11. Потсдам конференциясында мәдениет пен тіл жағынан ғана емес, идеологиямен де бір-біріне ұқсамайтын әлемдік державалардың көшбасшылары жиналды.
Артынан КСРО мен АҚШ арасы суып кетті.
Фотода: АҚШ президенті Гарри Трумэнның Потсдам конференциясына шыққан сәті.
11/12© Getty Images / Corbis/Historical
11. Потсдам конференциясында мәдениет пен тіл жағынан ғана емес, идеологиямен де бір-біріне ұқсамайтын әлемдік державалардың көшбасшылары жиналды.
Артынан КСРО мен АҚШ арасы суып кетті.
Фотода: АҚШ президенті Гарри Трумэнның Потсдам конференциясына шыққан сәті.
?share-img=55701448″ data-title=»1945 жылғы Потсдам конференциясы: қызықты деректер мен фотолар «>
12. Потсдам конференциясын өткізу уақытын белгілеу кезінде Сталин үшін 1945 жылы 24 маусымда Жеңіс парадын өткізу ғана маңызды болды.
Фотода: Потсдам конференциясындағы II Дүниежүзілік соғысында жеңіске жеткен негізгі державалардың көшбасшылары: Ұлыбритания премьер-министрі Уинстон Черчилль, АҚШ президенті Гарри Трумэн, КСРО Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы Иосиф Сталин.