БРИКС-тің кезектен тыс саммиті өтеді
Ресей президенті Владимир Путин Бразилия шақыратын кезектен тыс виртуалды БРИКС саммитіне қатысады, деп хабарлады Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Шығыс экономикалық форумында.Бұған дейін БАҚ Бразилия ел президенті Луис Инасиу Лула да Силваның бастамасымен 8 қыркүйекте БРИКС-ке мүше елдердің кезектен тыс виртуалды саммитін өткізіп, Америка көшбасшысы Дональд Трамптың сауда саясатын талқылайтынын хабарлаған.»Әрине, Ресей қатысады. Онда президент Путин болады», – деді Песков бұл туралы сұраққа жауап беріп.3-6 қыркүйекте Владивосток қаласында Қиыр Шығыс федералды университетінің кампусында 10-шы Шығыс экономикалық форумы өтіп жатыр. Биылғы форумның негізгі тақырыбы: «Қиыр Шығыс – бейбітшілік пен өркендеу жолындағы ынтымақтастық».