Анасы баласын ұрып өлтірген: Алматы облысындағы оқиға туралы тың ақпарат шықты
Алматы облысы Іле ауданы Боралдай ауылындағы екі жасар баласын өлтірген анаға қатысты тың ақпарат айтылды. Оқиға орнына барған Sputnik Қазақстан тілшісі мән-жайды біліп қайтты.Бірнеше күн халықты елең еткізген ақпарат Алматының іргесіндегі ауылда болды. Оқиға болған үйді жалға берген алматылық тұрғын Сержан Sputnik Қазақстан тілшісіне бірқатар мәлімет айтып берді.»Өзім қалада тұрамын, Боралдайдағы үйім иесіз тұрған соң жалға беріп қояйын дегем. Үш баласы бар бір келіншек келді. Тұратын болып келісті. Өңі түзу. Күйеуіңіз бар ма деп сұрап ем, «парамен ұсталып кетті, түрмеде» деді», – дейді үй иесі Сержан.Алматыда әйел екі жасар аласын ұрып өлтірді Алматыда әйел екі жасар аласын ұрып өлтірді Әйелдің айтуынша, туыстарын жағалап үш баламен жүре алмайды. Өйткені туысқандары оларды дұрыс қабылдамаған.»Үшінші балам эпилепсиямен ауырады, молдаға ұшықтатып тұрам деді. Негізі балаларының түр-әлпеті жақсы, ондай бір тозған адам емес. Үйдің газын қосып берсеңіз деді. Сол күні ғана қонған, сол түні осындай жағдай болған. Тергеушілер келіп сұрап жатқанда келіншек «баламды швабрамен ұрып жібердім, бірақ өлтірейін демедім» деп жатқанын естіп қалдым», – дейді Сержан.Күдікті әйел тергеушілердің бірінің группаласы екен деген ақпаратты да сол оқиға болған жерде жүрген тұрғындар айтты, оны да олар тергеушінің аузынан естіп қалған.Көршілері де күдікті әйелді жамандыққа қимай тұр.Алматыда әйел екі жасар аласын ұрып өлтірді Алматыда әйел екі жасар аласын ұрып өлтірді «Тәп-тәуір әйел көрінді, балаларының да өңі түзу. Баласын әдейі ұрып өлтірді дегенге өз басымыз еш сенбейміз. Көшіп-қонып жүргенде мүмкін шаршаған шығар. Сол жүктерін түсіріп жатқанда «балам ауырып мазам болмай тұр» дегені бар. Бала бірден өлген жоқ қой, ауруханада өлді. Мүмкін балада приступ ұстаған шығар. Бірақ баланың денесі көгерген, оны көмбек болды деген ақпарат шындыққа еш жанаспайды, ешкім ондайды көрген жоқ», – дейді оқиға болған орындағы үш бірдей көршісі.Сөздің қысқасы, әйелдің баласын әдейі өлтіргеніне көршілер еш сенбейді. Сондай-ақ әлеуметтік желі мен БАҚ-та тараған ақпаратқа наразы.»Адамның басына не түспейді, бата тимей қата тиген шығар. Қоғам болып жұлмалауға болмайды. Ақпарат тарататындар да сөзге абай болу керек», – дейді Боралдай тұрғындары.Күдікті әйелдің басында екі бірдей шетелдік көлігі бар, бірі – Range rover. Көлік қайғылы оқиға болған жерде үйге керекті заттар тиелген күйі тұр.Айтпақшы, дәл осы қайғылы оқиға болған үйде талай пәтер жалдаушы егізді болған.»Әрине өкінішті. Бірақ менің үйімде тұрған талай адам егізді болып еді. Өзімнің егіз қызым осы үйде өмірге келді, бауырым да тұрған, ол да егізді болды. Кейіннен бір әскери адам тұрды, ол кісінің де егіз баласы осы үйде өмірге келді. Кейін үй алып көшіп кетті. Сосын бір отбасы көшіп кеп тұрды, олардың да дүниеге егіз баласы келді. Менің үйім құтты үй деп іштей қуанушы ем», – деді үй иесі Сержан.