ASTANA TRIATHLON half турниріне байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысы шектеледі
Бүгін елорданың Орталық саябағында ауқымды спорттық шара – ASTANA TRIATHLON half турнирі өтеді. Осыған байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Жарыс Орталық саябақтан басталып, Ильинка аумағында аяқталады. Қатысушылар келесі үш кезеңнен өтеді:жүзу – 1,9 км;веложарыс – 90 км;жүгіру – 21,1 км.Іс-шараның өтуіне байланысты, әсіресе веложарыс бағыты өтетін көшелерде қала көшелерінің кейбір учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.Қатысушылар:Тұран даңғылына шығып, көпір астымен солға бұрылады;Тұран даңғылымен Қорғалжын тасжолына дейін (оң жақ жолақпен) жүреді;Қорғалжын тасжолынан оңға бұрылып, айналма жолға дейін жүреді (оң жақ жолақ);Айналма жолға солға бұрылып, қарсы бағыттағы жолақпен жүреді;Кейін 3 шеңбер бойынша Қорғалжын тасжолынан Қосшы (Қарқаралы) бағытына дейін – сол жақ жолмен жүреді;Шеңберлерді аяқтаған соң, қайтадан Қорғалжын тасжолына түсіп, Ильинка жақтан веложолға кіреді.Мәре сызығы – веложол бойындағы велопрокат тұрағы. Жүгіру кезеңі веложол аумағында өтеді.Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарынан жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеруді сұрайды.