Елорда тынысы

Астанада Дженнифер Лопестің концерті кезінде шаттл-автобустар жүреді

Астанада Дженнифер Лопестің концерті кезінде шаттл-автобустар жүреді

Елордада Дженнифер Лопестің концертінде көлік кептелісін азайту мақсатында арнайы шаттл-маршруттар қатынайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Елордада 1 тамыз күні әлемге танымал америкалық әнші Дженнифер Лопестің концерті өтеді. Осыған орай шаттл-маршруттар қатынайды.»Арнайы автобустар сағат 16:00-ден бастап қатынап, жолаушыларды қаланың бес нүктесінен «Астана Арена» стадионына жеткізеді және концерт аяқталғаннан кейін қайта алып кетеді», – дейді ведомство.Шаттл бағыттары:Астаналық цирк автотұрағы;»Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы;»QAZAQSTAN» спорт кешенінің автотұрағы;Орталық саябақ (Тұран даңғылы жағынан) автотұрағы;»Бас мешіт» автотұрағы.Шаттл автобустар концерт басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін екі бағытта қатынайды.Кептеліс пен автотұрақтағы қиындықтардың алдын алу үшін фестиваль көрермендері қоғамдық көлікпен, таксимен немесе арнайы шаттл автобустарымен қатынағаны жөн.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button