Жеңіске тағзым

«Елдің туын биік ұстаңдар»: Қарағандыда 102 жастағы майдангер оқушыларға тілегін айтты

Жеңіс күні қарсаңында Қарағандыда мектеп оқушылары «Астана» өңірлік қолбасшылығы 31775 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірлесіп соғыс ардагері Сұңғат Саттығұловты құттықтап барды.Майдангер Сұңғат Смағұлұлы биыл 102 жасқа толды. Ол 18 жасында майданға шақырылған. Сталинград маңындағы шайқастарға қатысып, 1943 жылы жарақат алады. Емделіп шыққаннан кейін майдан шебіне қайта оралады. Жауынгер ерен ерлігі үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» және «Сталинградты қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталды. «Бақытты болыңдар. Істеген жұмыстарың елеулі болсын. Аспандарың ашық болсын. Қазақстан деген елдің туын жоғары ұстаңдар», – деп тілегін білдірді ардагер.Әскери киім киген оқушылар майдангердің есігінің алдында соғыс жылдарындағы әндерді айтып сап түзеді. Олар ардагерге көрсеткен ерлігі үшін ризашылықтарын білдіріп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. Петропавл қаласында ұлттық ұлан жауынгерлері соғыс ардагеріне құрмет көрсетті

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button