Мәскеуде Жеңіс парадына қатысушы жауынгерлер 28 панфиловшы мемориалына гүл шоқтарын қойды
Жеңістің 80 жылдығына орай Мәскеуде өтетін әскери парадқа қатысушы Қазақстан Қарулы күштерінің есептобы, Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфилов атындағы 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасының жеке құрамы мен Ресей Федерациясындағы Қазақстан Қорғаныс министрлігінің қорғаныс мәселелері жөніндегі атташесі генерал-лейтенант Талғат Қойбақов Ұлы Отан соғысы тарихындағы өшпес ерліктің құрметіне қойылған Волоколамск қаласындағы 28 батыр панфиловшыларға арналған мемориалға барып гүл шоқтарын қойды. © Photo : Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіМәскеуге парадқа барған Қазақстан қарулы күштерінің есептобы 28 панфиловшыға арналған мемориалға гүл шоқтарын қойдыМәскеуге парадқа барған Қазақстан қарулы күштерінің есептобы 28 панфиловшыға арналған мемориалға гүл шоқтарын қойды© Photo : Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіСонымен қатар Нелидово ауылындағы панфиловшылар жерленген бауырластар зиратына гүл шоқтарын қойып, батырлардың рухына тағзым етті.Айта кетері, Мәскеуде өтетін Жеңіс шеруіне Қазақстан атынан 80 десантшы-жауынгер қатысады80 десантшы-жауынгер Қазақстан атынан Мәскеуде өтетін Жеңіс шеруіне қатысады