Саясат

Матвиенко Молдова билігін Гуцулға саяси репрессия жасады деп айыптады

Матвиенко Молдова билігін Гуцулға саяси репрессия жасады деп айыптады

Ресей Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко Гагаузия басшысы Евгения Гуцулға қатысты сот үкімін саяси репрессия актісі деп атады.»Бүгін Сандудың Кишинев режимі сот органдарының қолымен жасаған әрекеті – бұл Гагаузиядағы халық сайлаған саясаткерге қарсы адам нанғысыз саяси репрессия ғана емес. Сондай-ақ бұл Батыс үміт артқан нақты адамдардың ортағасырлық хайуандық болмысының көрінісі», – деп жазды Матвиенко Telegram каналында.»Олар Молдовада билікті басып алуды аяқтауға кедергі жасап отырған адамның саяси тағдырын қиындатып қана қоймай, қолында кәмелетке толмаған екі баласы бар әйелді ұзақ жылдарға түрмеге тоғыта салды. Ал бұл бұрын-соңды болмаған антигуманизм әрекетін Еуропа қолдап отыр. Бұған еш күмән жоқ.Бұл қазір Кишиневте халыққа қарсы билік құрып жатқандар үшін де, Брюссель үшін де ұмытылмайтын масқара. Бұл еуродемократия деп аталатын машинаның өз мақсатына жету үшін қаншалықты қатыгез және жүрексіз әрекет етуге дайын екендігінің тағы бір мысалы.Евгения Гуцулға қиянат жасауды дереу тоқтату туралы мәселе барлық алаңда көтерілуі керек», – деді Федерация кеңесінің басшысы.Бұған дейін Кишинев соты Евгения Гуцулды тыйым салынған «Шор» партиясын қаржыландырды деген айыппен жеті жылға бас бостандығынан айырған болатын. Оның қорғаушысы 15 күн ішінде Кишинев апелляциялық сотына шағым түсіруді көздеп отыр.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button