Жеңіске тағзым

Шығыс Қазақстанда 99 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді

Шығыс Қазақстанда 99 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Жеңіс күні қарсаңында Глубокое ауданы Весёловка ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының 99 жастағы ардагері Павел Стрехоны құттықтады. © Photo : Шығыс Қазақстан облысы әкімдігіШығыс Қазақстанда соғыс ардагеріне құрмет көрсетілдіШығыс Қазақстанда соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді© Photo : Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі»Павел Еремеевич 1926 жылдың 23 ақпанында Марқакөл ауданының Рождественка ауылында дүниеге келген. Әскер қатарына 1943 жылы, небәрі 17 жасында шақырылды. 1944 жылы ол 3-ші Беларусь майданына жіберіліп, соғыстың соңына дейін сол жерде қызмет етеді. Кейін ол Қиыр Шығысқа аттанып, Жапониямен соғысқа қатысты», – делінген хабарламада. Туған ауылына оралған соң Павел Еремеевич мал шаруашылығы кешенінде электрик болып жұмыс істейді, отбасын құрып, жұбайымен бірге бес баланы тәрбиелеп өсірді. 1998 жылы майдангер Глубокое ауданының Весёловка ауылына көшіп келіп, қазірге дейін осы ауылда тұрады. © Photo : Шығыс Қазақстан облысы әкімдігіПавел Строехо – соғыс ардагеріПавел Строехо – соғыс ардагері© Photo : Шығыс Қазақстан облысы әкімдігіСоғыс ардагерінің иелігінде бірнеше мемлекеттік марапаттар бар: III дәрежелі Даңқ ордені, Отан соғысы ордені, , «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Кёнигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», маршал Жуков медалі және мерейтойлық медальдар бар. © Photo : Шығыс Қазақстан облысы әкімдігіШығыс Қазақстанда соғыс ардагеріне құрмет көрсетілдіШығыс Қазақстанда соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді© Photo : Шығыс Қазақстан облысы әкімдігіОблыс әкімі ардагерге Жеңіс жолындағы ерлігі мен батырдығы үшін алғысын айтып, амандық тіледі.Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін «үй жағдайындағы» Жеңіс парадын ұйымдастырды

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button