Жеңіске тағзым

Түркістан облысында майдангердің ғасыр тойы тойланып, су жаңа автокөлік сыйға тартылды

Түркістан облысында майдангердің ғасыр тойы тойланып, су жаңа автокөлік сыйға тартылды

Түркістан облысы, Созақ ауылында Ұлы Отан соғысының ардагері Мырзахмет Жылысбаевтың 100 жылдық мерейтойы аталып өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігі. Іс-шараны Созақ ауданы әкімдігі мен өңірдегі өндіріс орындары бірлесіп ұйымдастырып, батыр қартқа су жаңа темір тұлпардың кілтін табыстады. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ардагерге ыстық ықыласын білдіріп, ел үшін сіңірген еңбегін ерекше атап өтті. «Бүгінгі бейбіт күн – сіз секілді майдангерлердің жанқиярлық ерлігінің жемісі. Сіздердей ерлердің арқасында біз бейбіт өмір сүріп келеміз. Ерлігіңіз бен елге сіңірген еңбегіңіз ешқашан ұмытылмайды. Бұл той – тұтас елдің, тұтас ұрпақтың алғысы мен құрметі», – деді аудан басшысы. Ардагер өзіне көрсетілген құрметке ризалығын білдіріп, алғыс айтты. “Осы жасқа келіп, бейбіт өмір сүргеніме қуанамын. Осындай құрмет көріп, ел-жұрттың алғысына бөленіп отырғаныма көңілім толқып тұр. Аудан басшыларына, ұйымдастырушыларға, ауылдастарыма үлкен рахмет. Ел аман, жұрт тыныш болсын”, – деді майдангер

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button