Президент жолдауы: Қазақстанды қандай реформалар күтіп тұр – видеокөпір
Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың республика халқына кезекті жолдауының негізгі бағыты талқыланатын Астана – Мәскеу видеокөпір өтіп жатыр.8 қыркүйекте президент кезекті жолдауын жариялап, Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын белгілейді.Талқылау барысында сарапшылар елдегі қазіргі экономикалық ахуалды, сондай-ақ президент жолдауда айтуды жоспарлап отырған негізгі міндеттер мен бағыттар жайында сөз қозғайды. Сонымен қатар, олар Тоқаевтың былтырғы жолдауының жүзеге асырылу барысын да талқыға салады.- Дарья Сапрынская, Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері институтының ғылыми қызметкері.- Әкімжан Арупов, экономика ғылымдарының докторы, Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының директоры;- Петр Своик, қоғам қайраткері;- Наталья Калашникова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ҚХА кафедра меңгерушісі, саясат ғылымдарының докторы.Іс-шара Sputnik Қазақстан сайтында және сайттың ВКонтакте парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.