Саясат

Тоқаев Трамппен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев Трамппен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының Президенті болып сайлануымен құттықтады.»Саясаткерлер сауда, инвестиция салаларында және ядролық қаруды таратпау бағытында стратегиялық серіктестікті дамытуға бейіл екендерін растады», – деп жазылған хабарламада.Мемлекет басшысы халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын жеткізді.Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтау мақсатында ұдайы байланыста болуға уағдаласты.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button