Спoрт

Қазақстан боксшылары Олимпиаданың жеті жолдамасын ұтып алды – алда тағы бір жарыс бар

Қазақстан боксшылары Олимпиаданың жеті жолдамасын ұтып алды – алда тағы бір жарыс бар

Қазақстандық боксшыларда Олимпиаданың жеті жолдамасы бар. Алдағы уақытта тағы бір іріктеу жарысы күтіп тұр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен бокс турнирінде қазақстандық спортшылар тағы бес жолдама ұтып алды. Олар:Сәкен Бибосынов (51 келіге дейін);Махмұд Сабырхан (57 келіге дейін);Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейін);Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін);Айбек Оралбай (92 келіге дейін);Бұған дейін Азия ойындарында Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) және Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) Олимпиада жолдамасына ие болған. Осылайша, қазіргі кезде боксшылар құрмасында жеті жолдама бар.Ерлер құрамасына 63,5 келіге дейінгі салмақ бойынша бір жолдама керек. Италияда осы салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы өнер көрсеткен. Бірақ шешуші раундқа дейін жете алмады.Олимпиадаға дейін Тайландта 23 мамыр мен 5 маусым аралығында тағы бір лиценциялық турнир өтеді. Сол жерде жетіспей тұрған жолдамаларды ұтып алуға мүмкіндік бар.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button