Қоғам

Атырауда сот үкімімен келіспеген сотталушы өзін-өзі пышақтады

Атырауда сот үкімімен келіспеген сотталушы өзін-өзі пышақтады

Атырауда 40 жастағы сотталушы сот шешімімен келіспей, қағаз кесуге арналған пышақпен өз білегін кесіп тастады, деп хабарлады Ақ Жайық. Белгілі болғандай, сот үкімімен ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 608-бабы бойынша («Мас күйде көлік құралын жүргізу») бір жарым жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. «Мен қайта-қайта қамауға алынғаннан шаршадым. Шыққаныма бір жарым ай болды. Әділеттілік жоқ, мен өзімді өлтіремін», – деді ол сот үкімі шыққан соң. Өзіне зақым келтіргеннен кейін сотталушы біраз уақыт полицейлерді жанына жақындатпаған. Кейін ол облыстық ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін уақытша ұстау изоляторына қайта қайтарылды. Оқиға 31 мамыр күні таңертең облыстық сот залында болған. Белгілі болғандай, ер адам бұған дейін де сотты болған. Ажырасу барысында 36 жастағы әйелі оның үстінен шағымданып, ер адам 389-бабы («Заң тәртібін бұзу») бойынша сотталған. Облыстық соттың баспасөз қызметі демалыс күнін алға тартып, болған жайтқа қатысты түсініктеме бере алмады.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button