Фотo

Эверест шыңын бағындырғандар

Эверест шыңын бағындырғандар

Альпинистер «әлем шатыры» деп аталатын шыңға алғаш рет 1953 жылы шықты. Тарихта Эверестке альпинистер жалпы 11 мыңнан астам рет шыққан.Таудың Джомолунгма немесе Сагарматха деген де атаулары бар. Оның мәңгілік қар жамылған шыңы Непал мен Қытай шекарасындағы Гималайдың Махалангур-Гимал жотасында орналасқан.Техникалық тұрғыдан Эверест әлемдегі ең биік тау емес. Иә, бұл теңіз деңгейіне қатысты әлемдегі ең биік тау. Оның көрсеткіші 8848 метрді құрайды. Алайда ең биік тау – Гавайидегі Мауна Кеа. Егер биіктікті теңіз деңгейінен емес, мұхит түбінен есептесек, Мауна Кеа биіктігі 10 шақырымнан асады. Дегенмен, Гавай тауының көп бөлігі су астында жатыр.Геологиялық тұрғыдан алғанда Эверест жас тау. Оның жасы небәрі 60 миллион жылды құрайды, ал шыңы әлі өсіп жатыр. Эверест тауы жылына шамамен 4 миллиметрге және жүз жылда 40 сантиметрге өседі.Туристерге арналған екі базалық лагерь бар. Біреуі Қытай жағында, Тибетте 5154 метр биіктікте, екіншісі Непал жағында 5364 метр биіктікте орналасқан.Эверестке шығу үшін физикалық жағдайыңыз жақсы болумен қатар көп ақша қажет. «Әлем шыңы» және оны бағындыруға батылдық танытқан батыр альпинистер туралы қызықты деректерді оқыңыз!CC BY-SA 3.0 / Jamling Tenzing Norgay / Edmund Hillary and Tenzing Norgay

1953 жылы экспедициядағы жаңа зеландиялық Эдмунд Хиллари мен Шерпа (тауға жетекші) Тенцинг Норгей Эверест шыңында алғашқы із қалдырған альпинистер деп есептеледі. Алайда, шын мәнінде, Эверестке шығу әлдеқайда ертерек басталды. 1924 жылы Джордж Мэлори мен Эндрю Ирвин тауды бағындыруға аттанып, бірақ қайтып орала алмай, жолда көз жұмды. Олар шыңға жетті ме, әлде шыңға жетпей жан тәсілім етті һме, әлі күнге дейін белгісіз.

1/13CC BY-SA 3.0 / Jamling Tenzing Norgay / Edmund Hillary and Tenzing Norgay

1953 жылы экспедициядағы жаңа зеландиялық Эдмунд Хиллари мен Шерпа (тауға жетекші) Тенцинг Норгей Эверест шыңында алғашқы із қалдырған альпинистер деп есептеледі. Алайда, шын мәнінде, Эверестке шығу әлдеқайда ертерек басталды. 1924 жылы Джордж Мэлори мен Эндрю Ирвин тауды бағындыруға аттанып, бірақ қайтып орала алмай, жолда көз жұмды. Олар шыңға жетті ме, әлде шыңға жетпей жан тәсілім етті һме, әлі күнге дейін белгісіз.

© AP Photo / Tabei Kikaku Co. Ltd

Жапон альпинисті Джунко Табеи Эверест шыңына аяқ басқан алғашқы әйел атанды. Ол 1975 жылы 16 мамырда Непалдағы Эверест шыңына шықты. Джунко Табеи 70 тау шыңын бағындырды. Ол сонымен қатар альпинизмге әуесқой басқа адамдарға жетекшілік етті.

2/13© AP Photo / Tabei Kikaku Co. Ltd

Жапон альпинисті Джунко Табеи Эверест шыңына аяқ басқан алғашқы әйел атанды. Ол 1975 жылы 16 мамырда Непалдағы Эверест шыңына шықты. Джунко Табеи 70 тау шыңын бағындырды. Ол сонымен қатар альпинизмге әуесқой басқа адамдарға жетекшілік етті.

© AP Photo / Niranjan Shrestha

Эверест шыңына шыққан ең қарт альпинист – Юитиро Миура. Ол 2013 жылы 80 жасында шыңға шықты. Миура бұрын экстремал-шаңғышы болған жапон.

3/13© AP Photo / Niranjan Shrestha

Эверест шыңына шыққан ең қарт альпинист – Юитиро Миура. Ол 2013 жылы 80 жасында шыңға шықты. Миура бұрын экстремал-шаңғышы болған жапон.

© AP Photo / Niranjan Shrestha

Эверест шыңына шыққан ең қарт альпинист – жапониялық Тамаи Ватанабе. Ол шыңға 2012 жылы 73 жасында шыққан.

4/13© AP Photo / Niranjan Shrestha

Эверест шыңына шыққан ең қарт альпинист – жапониялық Тамаи Ватанабе. Ол шыңға 2012 жылы 73 жасында шыққан.

© AFP 2024 / Jean-Marc Porte

2001 жылы француз спортшысы Марко Сиффреди Эвересттен алғаш сноубордпен түсті. Келесі жылы ол екінші рет осы әрекетті қайталамақ болған кезде қайтыс болды. Спортшы 2002 жылы 8 қыркүйекте Хорнбейн дәлізінде Эверест шыңынан секіргеннен кейін жоғалып кеткен.

5/13© AFP 2024 / Jean-Marc Porte

2001 жылы француз спортшысы Марко Сиффреди Эвересттен алғаш сноубордпен түсті. Келесі жылы ол екінші рет осы әрекетті қайталамақ болған кезде қайтыс болды. Спортшы 2002 жылы 8 қыркүйекте Хорнбейн дәлізінде Эверест шыңынан секіргеннен кейін жоғалып кеткен.

© AFP 2024 / Prakash Mathema

Непалдық альпинист Ками Рита Шерпа Эверест шыңына шығу саны бойынша рекорд орнатқан. Ол шыңға жалпы саны 29 рет көтерілді! Бұл планетадағы барлық адамдар арасындағы рекордтық көрсеткіш. Ками Рита Эверест шыңына алғаш рет 1994 жылы шықты. Содан бері жыл сайын шыңға шығуға тырысады.

6/13© AFP 2024 / Prakash Mathema

Непалдық альпинист Ками Рита Шерпа Эверест шыңына шығу саны бойынша рекорд орнатқан. Ол шыңға жалпы саны 29 рет көтерілді! Бұл планетадағы барлық адамдар арасындағы рекордтық көрсеткіш. Ками Рита Эверест шыңына алғаш рет 1994 жылы шықты. Содан бері жыл сайын шыңға шығуға тырысады.

© AFP 2024 / Prakash Mathema

Непал альпинисті және фотожурналист Пурнима Шреста Эверестке бір альпинизм маусымында үш рет шыңға көтерілген алғашқы әйел ретінде тарихқа енді.

7/13© AFP 2024 / Prakash Mathema

Непал альпинисті және фотожурналист Пурнима Шреста Эверестке бір альпинизм маусымында үш рет шыңға көтерілген алғашқы әйел ретінде тарихқа енді.

© AFP 2024 / Devendra Man Singh

Эверест аңызы – Бабу Чири Шерпа. Ол Непалдағы ең танымал альпинистің бірі.

36 жасында ол Эверестке 10 рет көтерілді. Оның бұл бірегей рекорды бар: 1995 жылы ол екі аптаның ішінде екі рет шыңға көтерілді.

1999 жылдың көктемінде ол Эверест шыңында оттегісіз 20 сағаттан астам уақыт өткізіп, уақыт бойынша рекорд орнатты.

Келесі жылдың көктемінде ол көтерілу жылдамдығы бойынша тағы бір рекорд орнатты – 16 сағат 56 минут.

2001 жылдың 29 сәуірінде Бабу Чири Шерпа Эверестке он бірінші рет көтерілу кезінде қайтыс болды.

8/13© AFP 2024 / Devendra Man Singh

© AP Photo / Binod Joshi

Непалдық альпинист Мулепати, Ньюар 2005 жылдың мамыр айында альпинист серіктесі Пемба Дорджеге тұрмысқа шықты. Некелесу рәсімі Джомолунгма шыңында өтті. Бұл әлемдегі ең биік шыңдағы тарихтағы алғашқы той болды.

9/13© AP Photo / Binod Joshi

Непалдық альпинист Мулепати, Ньюар 2005 жылдың мамыр айында альпинист серіктесі Пемба Дорджеге тұрмысқа шықты. Некелесу рәсімі Джомолунгма шыңында өтті. Бұл әлемдегі ең биік шыңдағы тарихтағы алғашқы той болды.

© AP Photo / Niranjan Shrestha

Британдық альпинист Кентон Кул "үштік тәжді" бірінші болып иеленді. Ол бір экспедицияда Эверестке және оған көршілес шыңдар Нупцзе мен Лхоцзеге көтерілді.

10/13© AP Photo / Niranjan Shrestha

Британдық альпинист Кентон Кул "үштік тәжді" бірінші болып иеленді. Ол бір экспедицияда Эверестке және оған көршілес шыңдар Нупцзе мен Лхоцзеге көтерілді.

© AFP 2024 / Prakash Mathema

Үнді альпинисті Пурна Малават Джомолунгма шыңына көтерілген ең жас қыз. Ол 2014 жылдың 25 мамырында шыңға шықты: ол кезде Пурна небәрі 13 жаста болған. Оның айтуынша, ол осы уақытқа дейін тауға шықпаған. "Мен қыздардың қолынан бәрі келетінін дәлелдегім келгендіктен Эверестке көтерілдім", – деді ол.

11/13© AFP 2024 / Prakash Mathema

Үнді альпинисті Пурна Малават Джомолунгма шыңына көтерілген ең жас қыз. Ол 2014 жылдың 25 мамырында шыңға шықты: ол кезде Пурна небәрі 13 жаста болған. Оның айтуынша, ол осы уақытқа дейін тауға шықпаған. "Мен қыздардың қолынан бәрі келетінін дәлелдегім келгендіктен Эверестке көтерілдім", – деді ол.

© AFP 2024 / Prakash Mathema

Қытай альпинисті Ся Бойю екі аяғының тізеден төмен жоқтығына қарамастан, Эверестке шыққаннан кейін халықаралық атаққа ие болды. Ол 2018 жылдың 14 мамырында 69 жасында шыңға шықты. Ся бұған дейін Эверестке бірінші рет шығу әрекетінде үсік шалып, екі аяғынан айырылған.

12/13© AFP 2024 / Prakash Mathema

Қытай альпинисті Ся Бойю екі аяғының тізеден төмен жоқтығына қарамастан, Эверестке шыққаннан кейін халықаралық атаққа ие болды. Ол 2018 жылдың 14 мамырында 69 жасында шыңға шықты. Ся бұған дейін Эверестке бірінші рет шығу әрекетінде үсік шалып, екі аяғынан айырылған.

© пресс-служба команды «Kazakh Everest Team»

Анар Бұрашева – Эверестті бағындырған тұңғыш қазақ қызы. 2024 жылдың 12 мамырында қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев пен Анар Бұрашева "әлем шыңына" сәтті көтерілді.

13/13© пресс-служба команды «Kazakh Everest Team»

Анар Бұрашева – Эверестті бағындырған тұңғыш қазақ қызы. 2024 жылдың 12 мамырында қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев пен Анар Бұрашева "әлем шыңына" сәтті көтерілді.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button