Қоғам

Таразда жарылыс болды

Таразда жарылыс болды

Таразда белгісіз нәрсе жарылып, оның себептері әлі анықталып жатыр, деп хабарлады taraznews.kz. Жарылыс болған сәттің видеосын жергілікті пабликтер жариялап жатырОқиға кеше кешкісін адамдар көп тұратын ауданда болған. Видеодан сол маңайдан өтіп бара жатқан балалы әйелден бірнеше метр жерде жарылыс болғанын көруге болады. Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, жарылыс 5-ші шағын ауданда, №26 үйдің жанында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары, газ қызметінің мамандары, ЖЭС және Тараз-Су мамандары жұмыс істеп жатыр. Газ шаруашылығы қызметінің мамандары оқиға орнын газ талдайтын арнайы жабдықпен тексерген. Олар ауада газ қоспасы анықталмағынын айтты. «Бұл жерден газ құбыры жүрмейді, жарылыс басқа себептерге байланысты болды. Ол себептер қазір анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, жер астымен жүргізілген жоғары вольтты электр желісінде қысқа тұйықталу болған», – деп хабарлады «QazaqGaz Aimaq» өкілдері.

Дереккөз

Осы мақаланы бағалау үшін басыңыз!
[Барлығы: 0 орташа: 0]

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button